Астаналық оқушы Алдияр Аңсат Азия чемпионатында абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада Алматы қаласында Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан мен Қазақстан елдерінің ең үздік шахматшылары өзара мықтыны анықтады.
Нью-Делиде өтетін әлем кубогына жолдама алу мақсатында ұйымдастырылған тартысты бәсекеде Астана қаласының Т.Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Алдияр Аңсат чемпион болды. 15 жастағы шахматшы енді Орта Азия атынан Үндістанда өтетін әлемдік чемпионатқа қатысады.
Әкімдік мәліметінше, бұл дарынды оқушының әлемдік аренадағы алғашқы қадамы емес. Алдияр Аңсат осыған дейін де бірнеше мәрте Азия және әлем чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленген.