Latest stories

  • Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды

    Қазақстанда еңбек нарығына қажетті білікті мамандар тапшылығын азайту мақсатында бакалавриаттың оқу мерзімін төрт жылдан үш жылға қысқарту ұсынылды. Бұл бастаманы Құрылтай депутаты Махамбет Хасенов көтерді. Депутаттың айтуынша, 2035 жылға қарай Қазақстанға 2,9 миллион маман қажет болады. Оның ішінде 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарының өкілдері. Қазірдің өзінде көптеген кәсіпорын білікті кадрлардың жетіспеушілігін сезініп отыр. Соның салдарынан қызметкерлерге… More

  • Оқулықта әлі «Нұр-Сұлтан»: министр кітаптағы қателер қашан түзетілетінін айтты

    Қазақстан мектептеріне арналған кейбір оқулықтарда елорда атауы әлі де «Нұр-Сұлтан» деп көрсетілген. Оқулықтардағы қате мәліметтер қашан түзетіледі? Бұл сұраққа Құрылтай отырысы алдында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, баспалар оқулықтардағы қателерді түзету бойынша нақты жоспар әзірлеген. Қателерді жою жұмыстары баспалардың өз қаражаты есебінен кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Олардың өздерінің нақты белгіленген жоспары бар. Бірақ… More

  • Қазақша амандасу мәдениеті мектепте арнайы пән бола ма?

    Қазақстан мектептерінде оқушыларға ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін арнайы үйрету ұсынылды. Құрылтай депутаты Ерлан Саиров бұл дәстүрді мектептегі тәрбие жұмысына енгізуді ұсынса, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова амандасу мәдениеті бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Депутат Құрылтай отырысында бұл бастаманы ұлттық құндылықтар негізінде мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру міндетімен байланыстырды. Мемлекет басшысының ұлттық құндылықтарға сәйкес… More

  • Қазақстан құрамасы FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында үздік төрттікке енді

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық спорттық робототехника чемпионатында әлемдік рейтингтің үздік төрттігіне енді. Байқауға әлемнің 185 елінен командалар қатысты.  Ұлттық құрама сапына Алматы қаласындағы М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейдің 9-10-сыныптарында оқитын бес оқушы енді: Хусейн Мақсұт, Нұртас Серік, Аспандияр Бердали, Арнур Абдулла және Ерасыл… More

  • «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау аяқталуға жақын: өтінім берудің соңғы күні белгілі болды

    Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерден құжат қабылдау жалғасуда. Өтінімдерді 2026 жылғы 16 қазанға дейін тапсыруға болады. Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, үміткерлер өтінімдерін eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады. Ал конкурсқа қатысу талаптары, басым мамандықтар тізімі және бағдарламаға қатысатын шетелдік жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат Bolashak.gov.kz ресми сайтында орналастырылған. Сонымен қатар,… More

  • 33 шетелдік университет филиалы: Қазақстан студенттері үшін жеті жылда не өзгерді?

    Соңғы жеті жылда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Мемлекет білім гранттарына бөлінетін қаржыны арттырып, студенттердің шәкіртақысын көтерді, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайтты. Сонымен қатар студенттерді жатақханамен қамту мәселесі айтарлықтай шешіліп, шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық кеңейді. Білім гранттарына 1,5 трлн теңге бөлінді Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректеріне сәйкес, жеті жыл ішінде… More