in

Әзербайжан әуежайына дронмен жасалған шабуыл: Тоқаев мәлімдеме жасады

Бұл туралы президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.

«Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірд» деп жазды Смадияров.