in

EGMO-2026: Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдемен оралды

Қазақстандық оқушылар қыздарға арналған EGMO 2026 халықаралық математика олимпиадасында үш бірдей медаль жеңіп алды.

Биыл Францияның Bordeaux қаласында өткен білім бәсекесіне әлемнің 66 елінен 247 оқушы қыз қатысқан.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі күміс және бір қола медаль иеленді. Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Юлия Катунина мен Алматыдағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Аружан Қайрат күміс жүлдегер атанды. Ал Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Вера Которова қола медаль еншіледі.

Ұлттық құраманы баптаған жетекшілер – Антон Васильев пен Марат Нысанбаев. Командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынға тұрақтаса, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынды иеленді.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында қоржынымызға 3 алтын, 16 күміс, 17 қола медаль және 4 құрмет грамотасы түскен.

Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды

Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?

140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?

«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады

Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?