in

Жыр болған жол: Қарағанды – Жезқазған трассасы қашан жаңартылады

Орталық Қазақстандағы жұртшылықты жылдар бойы әбігерге салған Қарағанды – Жезқазған автожолы қайта жаңғыртылмақ. Талайдан бері «келесі жылы» деген құрғақ уәдені қанағат тұтып келген тұрғындардың арманы орындалуға жақын.

50 жылдан бері жөндеу көрмеген жол

Қарағанды – Жезқазған тасжолы өткен ғасырдың 70-жылдары салынған. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Бүгінде бұл бағыттағы жолдың жағдайы жүргізушілер үшін үлкен проблемаға айналған.

Күн сайын бұл жолмен 7 мыңға жуық көлік қатынайды. Жүргізушілердің айтуынша, тар әрі тозығы жеткен жолмен жүру қауіпсіздікке де, уақытқа да кері әсерін тигізіп келеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл мәселеге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мән берген еді. Президент Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде аталған жолдың стратегиялық маңызын ерекше атап өткен.

Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына дереу кірісу керек, – деген президент.

Қазақстан делегациясының Вашингтонға сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде аталған жолды қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Құжатқа «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, Халықаралық қайта құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі қатысқан.

Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға, өңірлер арасындағы байланысты жақсартуға және транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған.

Жаңа жол қандай болады?

Жоба аясында 457 шақырымды құрайтын жол толық жаңартылып, төрт жолақты заманауи автомагистральға айналады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы кезеңде 2025-2028 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жалпы құны – 650 млрд теңге.

Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер аяқталуға жақын. Биыл жобалау және құрылыс жұмыстары басталады, ал негізгі жұмыстар жақын арада қолға алынады, – деп нақтылады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Құрылыс барысында жол толық жабылмайды. Алдымен қолданыстағы трассаның жанынан жаңа екі жолақты жол салынып, көлік қозғалысы соған ауыстырылады. Кейін ескі жол қайта жөнделеді. Нәтижесінде толыққанды төрт жолақты магистраль пайда болады.

Жоба аясында:

Дүниежүзілік банк өкілі Андрей Михнев бұл Қазақстандағы алғашқы жоба емес деп отыр.

Бұл – Дүниежүзілік банк қаржыландырып келе жатқан жобалардың жалғасы. Соңғы 14 жылда жалпы құны 3 млрд доллардан асатын жобалар жүзеге асты және олар өте табысты болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып, біз Қарағанды – Жезқазған жолын жаңғырту жұмыстарын бастаймыз, – деді Михнев.

Сарапшылар пікірінше, жаңа трасса тек жол сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына серпін береді. Логистика жеңілдеп, инвестициялық тартымдылық артып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды

Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?

140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?

«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады

Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?