in

Starlink пен OneWeb: Қазақстан пойыздарындағы интернет қалай дамып жатыр

Қазақстан темір жолы биылғы маусым айында 700-ден астам жолаушылар вагоны интернетпен қамтылатынын мәлімдеді. Бұл туралы компания басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жалпы 2211 вагон бар

Оның сөзінше, интернет жолаушылар пойыздарына кезең-кезеңімен қосылып жатыр. Маусым айында 700-ден астам вагон интернетке қосылса, шілде айында бұл көрсеткіш 900 вагонға дейін жетпек. Қазіргі жоспар бойынша интернет шамамен 50 бағытта қолжетімді болады.

Алдыбергеновтің айтуынша, Қазақстандағы жолаушылар вагондарының жалпы саны шамамен 2211 бірлікті құрайды. Компания күзге дейін барлық вагонды интернетпен толық қамтуды жоспарлап отыр.

Жалпы, күзге дейін барлық вагонды интернетпен қамту жоспарда бар. Жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр, – деді ол.

Интернет жылдамдығы қандай?

Соңғы жылдары пойыздардағы интернет мәселесі жолаушылар арасында жиі көтеріліп келеді. Әсіресе ұзақ бағыттарда байланыс пен мобильді интернеттің нашарлығы жолаушыларға қолайсыздық тудырады. Осыған байланысты ҚТЖ спутниктік интернет технологияларын кезең-кезеңімен енгізе бастады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Burabay Express электр пойызында Starlink технологиясы арқылы интернет іске қосылған болатын. Ол кезде жыл соңына дейін Ақтөбе – Алматы және Қызылорда – Семей бағыттарында да интернет қосу жоспарланған еді. Жобада интернет жылдамдығы 250 Мбит/с-қа дейін жететіні айтылған.

Бұдан бөлек, Talgo пойыздарының Астана – Өскемен және Астана – Алматы бағыттарында OneWeb спутниктік интернеті қолжетімді болған. Оның жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жеткен.

Айта кету керек, пойыздарда тұрақты интернеттің пайда болуы жолаушылар үшін жол уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Әсіресе қашықтан жұмыс істейтіндер мен онлайн қызметтерді пайдаланатын азаматтар үшін бұл маңызды жаңалық болатыны анық.

«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды

Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін

Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын – Абиба Әбужақынова

Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев

Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?