in

Дубайдағы жаңа зәулім ғимарат әлемдік рекордты жаңартуы мүмкін

Дубайда әлемдегі ең биік тұрғын үй атануы мүмкін жаңа зәулім ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Business Bay ауданында бой көтеріп жатқан Burj Binghatti Jacob & Co Residences ғимаратының биіктігі 557 метрге жетеді.

100 қабаттан асатын зәулім ғимарат

Ғимарат 100-ден астам қабаттан тұрады. Құрылыс аяқталғаннан кейін мұнара әлемдегі ең биік тұрғын үй ғимараты болуы мүмкін.

Қазір бұл рекорд Нью-Йорктегі Central Park Tower ғимаратына тиесілі. Оның биіктігі – 472 метр. Ал Дубайдағы жаңа мұнара одан шамамен 85 метр биік болады.

Жобаны Дубайдың Binghatti Developers девелоперлік компаниясы мен Нью-Йоркте орналасқан зергерлік және сағат бренді Jacob & Co. бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Мұнараның дизайны несімен ерекше?

Мұнараның сәулеттік келбетіне Jacob & Co. брендінің сағаттары мен зергерлік бұйымдары негіз болған. Ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі ромб пішінді үшкір элементтер қырланған асыл тас бейнесінде жасалған.

Жоба авторлары осылайша заманауи сәулет пен зергерлік өнердің ерекшеліктерін бір ғимаратта үйлестіруге тырысқан. Зәулім мұнара Дубайдың сәулеттік келбетін толықтыратын жаңа нысандардың біріне айналмақ.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспар бойынша Burj Binghatti Jacob & Co Residences құрылысы 2027 жылы аяқталады.

«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты

Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?

«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді

Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды

«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс