Latest stories

  • СҚО-да бірнеше күннен бері хабарсыз қалған әжей құтқарылды

    Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған зейнеткер әжей әйел құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Жақындары оның жағдайына алаңдап, құтқару қызметіне жүгінген. Оқиға орнына келген құтқарушылар саты арқылы балконға көтеріліп, терезе арқылы пәтерге кірген. 1959 жылы дүниеге келген зейнеткер әлсіз күйде табылып, дереу жедел жәрдем шақырылды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен… More

  • Алматы тауларында жарақат алған турист құтқарылды

    Алматы облысы Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа жету үшін таулы, қиын жолдармен жаяу жүруге мәжбүр болды. Зардап шеккен азаматқа алғашқы… More

  • PARAM BILIM-2: Министр мен Үндістан Елшісі жаңа жобаларды талқылады

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тхатипамула Венката Нагендра Прасад Ақкөл қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ Деректерді өңдеу орталығында PARAM BILIM-2 суперкомпьютерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов суперкомпьютердің қызметі туралы айта келе, 2025 жылғы наурызда жаңғыртылған және іске қосылған суперкомпьютердің ғылыми және білім беру бастамалары… More

  • Қарағанды медицина университетіне жаңа ректор тағайындалды

    Қарағанды медицина университетінің басқарма Төрағасы – ректоры лауазымына республикалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Бақыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты инфекционист дәрігер, денсаулық сақтау жүйесінде 35 жылдан астам, оның ішінде 30 жыл – медициналық білім беру саласында және 20 жылдан астам –… More

  • Елімізде бес айда 6,7 млн м2 флоат шыны өндірілген

    Қазақстанда 2025 жылдың 5 айында 6,7 млн м2 флоат шыны өндірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. «Orda Glass Lltd» шыны зауыты 2022 жылдың қазан айында іске қосылды. Компанияның жоғары сапалы флоат шыны өндіру желісіне ие, ол Орталық Азиядағы ең ірі шыны өндіру желісі болып табылады. Максималды тәуліктік өнімділік 600 тонна және жылдық өндірістік қуаты 197… More

  • Израильдің Иранға шабуылынан жүздеген тұрғын қаза тапты

    13 маусымынан бастап Израильдің Иранға жасаған шабуылдары салдарынан 627 адам қаза тапты. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Қаза тапқандардың қатарында 49 әйел мен 13 бала бар. Ең жас құрбан – екі айлық нәресте. Сонымен қатар, Израиль әскерінің шабуылдары кезінде Иранның әртүрлі қалаларында 7 аурухана мен 11 жедел жәрдем көлігіне тікелей соққы… More

  • «Заң және Тәртіп»: Астана базарында ашық қабылдау өтті

    Астанада «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, «Заң және Тәртіп» апталығы аясында орталық базар аумағында көшпелі азаматтарды қабылдау шарасын өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және аудан тұрғындарына өзекті мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсету болды.  Базарға келген тұрғындар аудандық прокуратура, полиция, ТЖД, мемлекеттік кірістер органдары мен санитариялық қызмет… More

  • Алакөлді дамытудың жоспары таныстырылды

    Абай облысында Алакөлді дамытуға арналған жаңа Бас жоспардың тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсеновтің айтуынша, Алакөл туристік аймағын кешенді түрде дамыту мақсатында арнайы Бас жоспар әзірленіп жатыр. Қазіргі таңда көл жағасында 300 гектарға жуық жағажай аймағы бар. Жоспар аясында бұл аумақты ұлғайту көзделуде. Жағажайда жүргізілген зерттеу… More

  • Алматы облысының полицейлеріне 40 жаңа автокөлік табысталды

    Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөлік берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Облыс әкімінің айтуынша, автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін, қылмыстарға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді. Бұл – жай ғана техника емес. Бұл – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құралдар. Халықтың тыныштығы мен тәртібі осы көліктердің арқасында жаңа деңгейге… More

  • БҚО делегациясы Қытайдың Цзянсу провинциясыннда кездесу өткізді

    Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің төрағасы, партия комитеті хатшысының орынбасары Сюй Куньлиньмен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Нариман Төреғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 маусымда Астана қаласында өткен 2-ші «Қытай – Орталық Азия» саммитінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі барысында ҚХР Қазақстанның ірі сауда-экономикалық… More

  • Атырауда жыл басынан бері 2800 тонна балық экспортталды

    Атырауда биыл жарты жыл ішінде 6500 тоннадай балық ауланып, оның 2800 тоннаға жуығы шет мемлекеттерге экспортталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Өңірде Жайық-Каспий бассейні бойынша 18 балық шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. Олар балық аулаумен қатар оны өңдеумен де айналысады. Бір жыл ішінде облыс көлемінде 10 мың тоннадан астам балық ауланған. Балық аулау жұмыстары Жайық пен Қиғаш өзендерінде,… More

  • Ақтауда есірткіге қарсы марафонын өтті

    Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Маңғыстау облысының прокуратурасы «Есірткісіз қала» атты жүгіру марафонын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп отыр.  Марафонға 15 пен 30 жас аралығындағы 200-ге жуық жас қатысқан. Қатысушылар 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Жастардың жігері мен белсенділігіне қарап,… More

Қосымша жүктеу
Congratulations. You've reached the end of the internet.