Latest stories

  • Конференция лигасындағы жорық: «Қайраттың» алғашқы қарсыласы кім?

    15 қазанда Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қазақстандық ұжымның қарсыласы – Латвияның «Рига» командасы.  Еурокубоктың негізгі кезеңіне тұңғыш рет шыққанымен, латвиялық ұжымды осал қарсылас деуге келмейді. Құрамында нәтижелі легионерлері бар, тәжірибелі бапкер жаттықтыратын «Рига» қазір өз елінің чемпиондығына да таласып жатыр. Он жылда чемпиондыққа төрт рет қол жеткізген клуб… More

  • Чемпиондар лигасы: «Брюгге» «Интерді» жеңіп, «Бавария» ұпай жоғалтты

    Бір айлық үзілістен кейін УЕФА Чемпиондар лигасының ойындары қайта жалғасты. Екінші турдың алғашқы матчтары күтпеген нәтижелерге толы болды. «Брюгге» Миланда «Интерді» тізе бүктірсе, «Бавария» Норвегияда жеңісті уысынан шығарып алды. Ал Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Брюгге» Миланда «Интерді» жеңді Турдың ең үлкен сенсацияларының бірі Миланда тіркелді. Бельгиялық… More

  • Екі алтын жүлде: қос балуан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

    АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Сол бәсекеде грек-рим күресінің шеберлері Айбек Айтбеков пен Юсуп Ашрапов жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.  АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Әлем чемпионатында Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде қырғызстандық Ырыскелді… More

  • УЕФА сенім артты: қазақстандық төрешілер еурокубоктың басты матчына тағайындалды

    Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Гент» пен «Орхус» арасындағы матчқа төреші болады. Кездесу 15 қазанда Гент қаласындағы «KAA Gent Arena» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 21:45-те басталады. ҚФФ-ның хабарлауынша, ойынның бас төрешісі қызметін Болат Сәриев атқарады. Оған қапталдағы көмекшілер ретінде Сергей Васютин мен Денис Лабашов жәрдемдеседі. Төртінші төреші міндеті Саят Қарабаевқа жүктелді…. More

  • Олимпиада ойындарының тізіміне енуі мүмкін: хейбол туралы не білеміз?

    Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Қазақстанның бильярд спорты федерациясы және Қытайдың JOY Billiards компаниясының өкілдері кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстанда хейболды дамыту және бұл спорт түрін ірі халықаралық жарыстардың бағдарламасына енгізу мүмкіндігі талқыланды. Кездесуде не талқыланды? Қазақстан ҰОК атынан бас хатшы Әлімжан Ақаев пен бас директор Нұрлан Нөгербек қатысты. Сонымен қатар кездесуге JOY Billiards компаниясының негізін қалаушы… More

  • Дастан Сәтпаев Англиядағы қазақ жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді

    Англияның «Бернли» футбол клубының баспасөз қызметі қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың отандастарының қолдауына қатысты пікірін жариялады. Футболшы сенбі күні «Уотфордқа» қарсы өткен матч кезінде трибунадан өз есімін анық естігенін айтып, жанкүйерлерге алғысын білдірді. Дастан Сәтпаев Қазақстаннан көрсетілген қолдаудың өзіне ерекше қуаныш сыйлағанын атап өтті. Оның айтуынша, стадионда жанкүйерлердің дауысы қатты естіліп, олар футболшының есімін бірнеше рет… More

  • Қазақстан дзюдосы қай бағытта дамып келеді? Мамандар бағасы

    Қазақстан құрамасы дзюдодан Бакуде өткен әлем чемпионатын қорытындылады. Роберт Мшвидобадзенің командасы Әзербайжан елінен бір медальмен қайтты. 60 келі салмақта Шерзод Давлатов финалға шықса, 81 келідегі Абылайхан Жүсіпов қолаға қол созып көрді. Иә, 4-11 қазан күндері Баку төрінде кіл мықтылар бас қосты. 93 мемлекет қатысқан додада Жапония құрамасы 8 алтын алып, көш бастады. Одан кейін екі… More

  • Бельгия королі Қазақстанға келеді: сапар бағдарламасы мен екі ел туралы қызықты деректер

    11-14 қазан аралығында Қазақстанға Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда мемлекеттік сапармен келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен өтетін сапар барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, іскерлік және білім беру салаларындағы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады.  Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипппен және патшайым Матильдамен кездеседі. Тараптар «Қазақстан – Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына… More

  • Винисиустың әрекеті үлкен дауға ұласты: Моуринью неге журналистерден қашты?

    Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью «Вильярреалмен» матчтан кейін баспасөз мәслихатына қатысудан бас тартты. Бұған Винисиус Жуниордың алаңнан қуылуына байланысты туындаған дау себеп болды. Испания чемпионатының 8-туры аясында «Реал» өз алаңында «Вильярреалды» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды 63-минутта команданың жаңа ойыншысы Ян Диоманде соқты. Алайда арада сегіз минут өткенде алаңда күтпеген жағдай болды. Бразилиялық… More

  • «Барлығы оның оралғанын қалайды»: Португалияда Роналдудың жағдайына қатысты мәлімдеме жасалды

    Португалия футбол федерациясының президенті Педру Проэнса Криштиану Роналдудың ұлттық құрамаға жақын арада оралатынына үміт білдірді. Оның айтуынша, федерация басшылығы, бапкерлер штабы және футболшылар капитанның командаға қайта қосылғанын қалайды.  Проэнсаның сөзінше, қазіргі уақытта тараптар арасындағы келіспеушілікті реттеу және жағдайды ушықтырмау маңызды. Оқиғаның мән-жайын тәуелсіз тәртіптік органдар тексеретін болады. Федерация басшысы 41 жастағы шабуылшының ұлттық құрамаға оралуына… More

  • Софья Самоделкина Алматыдағы Денис Тен мемориалында қола жүлдеге ие болды

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өткен халықаралық «Денис Тен мемориалы – 2026» турнирінде қола медаль иеленді. Спортшы екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинап, үздік үштікке енді. 8 қазанда Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында басталған халықаралық жарыс ISU Challenger Series 2026/2027 маусымының сегізінші кезеңі саналады. Самоделкина қысқа бағдарламада 69,45 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады…. More

  • Олимпиада ұпайына талас басталды: Елдос Сметов тағы бір турнирге қатысады

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.  29-31 қазан аралығында Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Бұдан бұрын IJF дзюдошылардың 2026 жылғы 15 маусымнан 2028 жылдың 12 маусымына дейін өткен турнирлерден Олимпиадаға рейтинг ұпайын жинайтынын хабарлады. Мысалы, Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын алған спортшыға –… More

Қосымша жүктеу
Congratulations. You've reached the end of the internet.