Latest stories

  • Теннисші Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде чемпион атанды

    Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы W15 Куршумлия-Баня турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен жарыстың финалында отандық спортшы жергілікті теннисші Драгиния Вуковичті 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Финалдық матч 2 сағатқа созылды.  Осылайша Жібек Құламбаева 2025 жылғы үшінші титулына қол жеткізді. Бұған дейін 25 жастағы теннисші жұптық сында екі турнирде топ жарған.  More

  • ШҚО-да велоспорттан Ұлттық чемпионат жеңімпаздары марапатталды

    Шығыс Қазақстан облысында велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  Іс-шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Барша қатысушыларды жарыстардың сәтті өтуімен және лайықты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймын! Велоспорт – бұл тек төзімділік пен жылдамдық қана емес, бұл – денсаулық мәдениеті, тәртіп пен салауатты өмір салты…. More

  • «Senat Open Cup – 2025»: 38 үміткер финалға жолдама алды

    Абай облысында ІІ «Senat Open Cup – 2025» республикалық ашық шахмат кубогының жартылай финалы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  Додаға Астана қаласы, Абай, Қарағанды, Ұлытау облыстарынан іріктеу турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 120 шахматшы қатысты. Ойыншылар қатарында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ… More

  • Астанада өтетін Әлем кубогіне мықты құрамалар келіп жатыр

    30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өтетін бокстан Әлем кубогіне қатысу үшін түрлі мемлекеттердің атақты спортшылары Қазақстанға келе бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Астанаға алғашқылардың бірі болып Қытай Тайпей құрамасы келіп жетті. Құрамда Олимпиада, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар. Ерлер арасында Кан Чиа-Уэй 70 келі салмақта сынға түседі. Әйелдер сапында Токио мен Париж… More

  • Жанбота Алдабергенова ХОК спортшылар комиссиясына енуі мүмкін

    Жанбота Алдабергенова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өтетін ХОК Спортшылар комиссиясы сайлауына үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) Милан-Кортинада өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында ХОК Спортшылар комиссиясына сайлану үшін үміткер саналатын он бір спортшының тізімін жариялады. Бұл тізімге үш Олимпиадаға қатысқан Қазақстан ҰОК Спортшылар комиссиясының мүшесі, қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова да… More

  • “Екінші орындамын”: Төрехан Сабырхан құрамадағы орны туралы айтты

    30 маусымда Астанада басталатын бокстан Әлем кубогының кезеңіне Қазақстан ұлттық құрамасының жас спортшысы Төрехан Сабырхан қатыспайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Жас былғары қолғап шебері қазіргі уақытта АҚШ құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқанын және дайындықтың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол өзінің салмақ дәрежесін… More

  • «Уимблдон»: Қазақстан теннисшілерінің қарсыластары анықталды

    Лондонда өтетін беделді әлемдік теннис турнирі «Уимблдонның» жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. ҰОК мәліметінше, жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстан атынан Бейбіт Жұқаев, Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сайыста) өнер көрсететін болды.  Жекелей сайыста отандастарымыз төмендегі қарсыластармен кездеспек.  Александр Бублик – Хайме Мунар (Испания) Александр Шевченко – Райли Опелка… More

  • Уимблдон-2025: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

    Лондонда (Ұлыбритания) өтетін беделді Уимблдон турнирінің жеребе тарту рәсімі аяқталып, Қазақстанның теннисшілері негізгі кезеңдегі алғашқы қарсыластарын білді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Ерлер арасында еліміздің үздік теннисшісі Александр Бублик (ATP рейтингінде 30-орын) турнирді испаниялық Хауме Муньярмен (54-орын) кездесумен бастайды. Қазақстан құрамасындағы екінші нөмірлі ойыншы Александр Шевченко (97-орын) АҚШ өкілі Рейлли Опелкамен (72-орын) шеберлік байқасады. Ал… More

  • Уимблдон: Бейбіт Жұқаев негізгі кезеңге жолдама алды

    Ақтаулық теннисші Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияның ашық чемпионаты – Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі себетінде алғаш рет өнер көрсетпек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Іріктеу финалында Бейбіт Жұқаев (әлемдік рейтингтегі орны – 251) Луку Павловичті (239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 есебімен жеңді. Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіндегі жеребе жұма күні таңертең… More

  • Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

    3–6 шілде аралығында Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған кадеттер мен жастар арасындағы Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Турнирге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, АҚШ және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы секілді елдерден 700-ден астам балуан қатысады деп күтілуде. Дүбірлі дода «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтеді. Азия кубогы аясында төрешілер… More

  • Қазақстан Минскіде өткен «Мықтылар кубогында» қола алды

    Минск қаласында (Беларусь) байдарка мен каноеде есуден халықаралық «Мықтылар кубогы» турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. ҰОК мәліметінше, жалпы жарысқа тоғыз елдің спортшылары қатысты. More

  • Месси өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнайды

    Маусымның 23-інен 24-іне қараған түні АҚШ-та клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңнің соңғы туры басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. B тобының плей-офф кезеңіне шығуға «Пари Сен-Жермен», бразилиялық «Ботафого» және «Атлетико Мадрид» үміткер болды. Диего Симеоне жаттықтыратын командаға топтан шығу үшін бразилиялық «Ботафогоны» +2 айырмашылықпен жеңуі немесе ПСЖ-ның Сиэтл аутсайдерлерімен ойында ұпай жоғалтуына үміт арту қажет… More

Қосымша жүктеу
Congratulations. You've reached the end of the internet.