Latest stories

  • Бали маңында паром апатқа ұшырап, 61 адам із-түссіз жоғалды

    Бали аралына жақын маңда паром суға батып, салдарынан кемінде 61 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Оқиға жергілікті уақытпен түнгі 23:00 шамасында болған. Парoмда барлығы 53 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ, бортта 22 көлік тасымалданған. Бастапқыда құтқарушылар төрт адамды аман алып шықты. Қазіргі уақытта қазақстандықтардың арасында болған-болмағаны белгісіз. Оқиға орнында жаға күзеті мен… More

  • Жүкті екенін білмеген: іш ауруына шағымданған әйел күтпеген жерден бала босанып қалды

    Қытайдың Эньчжоу қаласының тұрғыны іш ауруына байланысты шағыммен ауруханаға электросамокатпен барып, сол күні күтпеген жерден ана атанды. Бұл туралы South China Morning Post-қа сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды. Оқиға 16 маусымда болған. Ли есімді әйел түскі астан кейін жайсыздық сезініп, артық тамақтанып қойдым деп ойлаған. Алайда ауырсыну күшейген соң ол электросамокат жалдап, жақын… More

  • Ер адам кенені өртеймін деп орманды өртеді

    Түркияның Маниса қаласына жақын орналасқан Тургутлу ауданының ауыл шаруашылығы алқаптарының бірінде өрт шықты. Қызыл жалын орманға тарап, 120 акр аумақты шарпыды. Бұл туралы CNN Turk басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы. Белгілі болғандай, өртке Түркия азаматы Озжан Ташхан себеп болған – ол кенелерді өртеймін деп орманды өртеп жіберген. Өртті сөндіру үшін аймаққа 5 су… More

  • АҚШ Сирияға қарсы санкцияларды алып тастады

    Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 2004 жылдан бері қолданыста болған Сирияға қарсы санкцияларды тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Ақ үй хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы. Дональд Трамп Сирияның бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылысын қолдау мақсатында бұл елге қарсы санкциялық режимді тоқтату жөніндегі тарихи президенттік жарлыққа қол қойды, – деді АҚШ президенті әкімшілігі…. More

  • Қытай көліктерін сатып алған адамдарға бес кеңес

    Көлікті Қытайдан сатып алғаннан кейін, бірден оны қосымша қорғаумен қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы «Российская газета» басылымына берген сұхбатында Avilon Kia компаниясының механикалық жөндеу департаментінің директоры Вадим Стрельбицкий мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Ең алдымен, шанаққа (асты, табалдырықтары, доңғалақ доғалары және барлық жіктер) антикоррозиялық өңдеу жасау керек. Мұндай шара әсіресе қысқы уақытта тот басудың… More

  • Крематорий 381 адамның сүйегін жасырып келген

    Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласында орналасқан крематорийден кремация жасалмаған 381 адамның сүйегі табылды. Мекеме иесі мен қызметкері ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Жерлеу қызметтерін ұсынған мекеме алаяқтық жасаған: мәйіттер кремациядан өтпеген, ал марқұмдардың туыстарына бөтен адамдардың күлі табысталған, – делінген хабарламада. Штат прокуроры Сесар Хауреги Мореноның айтуынша, екі ер адам – кәсіпорын иесі мен бір қызметкер… More

  • Ұрылар танымал актердің үйін тонап кетті

    Үш қаскүнем қоршаудан асып өтіп, терезені сындырып, Голливуд актері Брэд Питтің Лос-Анджелестің беделді ауданындағы зәулім үйінен мүлік ұрлап кеткен. Полиция оқиғаны тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Бұл туралы бейсенбі, 26 маусым күні, дереккөзге сілтеме жасай отырып NBC News хабарлады. Телеарна тілшілеріне сұхбат берген дереккөздердің айтуынша, ұрлық болған кезде актер үйде болмаған. Лос-Анджелес полициясының… More

  • Әлемдегі ең құрғақ шөлді 10 жылда алғаш рет қар басты

    Чилидің солтүстігінде тұратын тұрғындар сирек кездесетін табиғи құбылыстың куәсі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Әлемдегі ең құрғақ өңірлердің бірі саналатын Атакама шөлінде қар жауды. Бұл ерекше көріністі ALMA обсерваториясының қызметкерлері бұрынғы Twitter, қазіргі X әлеуметтік желісіндегі парақшаларында бөлісті. Сену қиын! Әлемдегі ең құрғақ шөлді қар басты, – делінген жазбада. Мамандардың айтуынша, обсерваторияның негізгі ғимараты… More

  • Польшада жұмыс күні қысқарады

    2025 жылдың 30 маусымынан бастап Польша тұрғындары жұмыс уақытын қысқарту бойынша пилоттық бағдарламаға қатыса алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Польша тұрғындары енді сегіз сағаттың орнына алты сағат жұмыс істей алады, үш күн демалып немесе қосымша демалыс күндерін ала алады. Әрбір жұмыс берушіге 1 миллион злотыйға (141,7 миллион теңге) дейін субсидия қарастырылған. Бұл туралы бухгалтерлерге… More

  • Бортында 3 мыңнан астам жаңа көлік болған кеме суға кетті

    Morning Midas деп аталатын кеме-ролкер су астына кетті. Кеме бортында Қытайдан Америкаға жөнелтілген 3048 жаңа көлік, соның ішінде 800 электрмобиль болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Жолдың жартысында кеменің бір бөлігінде өрт шыққан. Оған бір электрмобильдің өздігінен тұтануынан себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Drom.ru басылымының жазуынша, экипаж өртпен күресіп баққанымен, еш нәтиже шықпаған –… More

  • Тура кинодағыдай: жүк көлігі опырылған көпірде тұрып қалды

    Қытайдың «Луджун Чэнбао» басылымының мәліметінше, 24 маусым күні таңғы шамамен 07:40-та Гуйчжоу провинциясына қарасты Санду уезінде G76 автомагистраліндегі Хоучжыхэ көпірінің кіреберіс бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Оған ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан болған таулы жыныстардың сырғуы себеп. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оқиға кезінде көпір үстінде қызыл жүк көлігі қалып қойғанын көруге болады. Нақтырағы… More

  • Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келді – Трамп

    АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл келісім бірнеше сағаттан кейін күшіне еніп, 12 күнге созылған соғысты тоқтатады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Бұл туралы америкалық көшбасшы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында (әр тараптың соңғы әскери операциялары аяқталғаннан кейін шамамен… More

Қосымша жүктеу
Congratulations. You've reached the end of the internet.