in

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Ілияс Шадибеков 1991 жылы туған. Жоғары білімді маман. Халықаралық бизнес университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы облысының Полиция департаментінде қызметкер болып бастаған. Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің көмекшісі, сондай-ақ Алматы облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметінде Ілияс Шадибеков облыс әкімі аппараты жұмысының тиімді ұйымдастырылуына және өңірдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған міндеттерді жүзеге асырады.