in

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне кірді

GOAL порталының нұсқасы бойынша, 18 жастағы вингер рейтингте 43-орынға жайғасты.

Басылым Сәтпаевтың Қазақстанда бірнеше рекорд орнатқанын атап өткен. Сондай-ақ бірқатар көрсеткіш бойынша ол «Барселонаның» жұлдызды түлектерімен бір деңгейде тұрғаны айтылған.

Материалда футболшының ерте жастан жоғары деңгейде ойнап жүргені ерекше атап өтіледі.

«»Қайрат» сапында жарқ еткен 17 жастағы шабуылшыға «Челси» клубы қызығушылық танытып, оны осы жазда «Стэмфорд Бриджге» ауыстыру бойынша төрт миллион еуроға келісім жасаған. Тек Ансу Фати мен Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында Сәтпаевтан да жас кезінде гол соққан. Ол желтоқсанда еурокубоктардың негізгі кезеңінде алғашқы голын соқты. Сонымен қатар, ол – Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас ойыншы әрі гол авторы», – делінген мақалада.

Сондай-ақ сарапшылар Сәтпаевтың ойын мәнері мен шабуылды аяқтау қабілетін аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэроға ұқсатқан.

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының маусымында Дастан Сәтпаев 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас беріп, жоғары нәтижелі ойын көрсеткен.

Айта кетейік, жас футболшының BlueCo жүйесіне өткеннен кейін жаңа деңгейде қалай өнер көрсететіні сарапшылар мен жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.