Тиісті өзгерістер Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы бұйрығымен енгізілген.
Құжатқа сәйкес, комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Үкіметі белгілеген шекті деңгей аясында Қор есепшотына есепті айда түскен активтердің көлемінен 1,21 пайыз деңгейінде белгіленді.
Бұған дейін 2026 жылға арналған мөлшерлеме 1,09 пайыз болған.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Айта кетейік, 2025 жылы Медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі бастапқыда 1,18 пайыз деңгейінде белгіленіп, кейін 1,55 пайызға дейін түзетілген болатын.
