in

Референдум: Алматы облысында дауыс беру учаскесін қалай білуге болады

Атап айтқанда, азаматтар өздерінің қай референдум учаскесінде тіркелгенін, учаске нөмірі мен орналасқан жерін арнайы

https://sailau.almobl.kz/   сайтынан, https://t.me sailau_almobl_bot   телеграм-каналынан

көруіңізге болады, ол үшін көрсетілген жолға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізу қажет.

Сонымен қатар, қажетті ақпаратты 109 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы немесе Алматы облысы учаскелерінің интерактивті ақпараттық

картасы арқылы: https://gis.almatyregion.kz  

Референендум жайлы барлық ақпаратты РЕФЕРЕНДУМ —  2026 бөлімінде жарияланған.

Егер аталған платформалардан өз деректерін табу мүмкін болмаса, тұрғындарға тұрғылықты жері бойынша жергілікті әкімдіктердің Call-орталықтарына хабарласу ұсынылады.

Облыс бойынша Call-орталықтар Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар және Ұйғыр аудандарында жұмыс істейді. Мамандар тұрғындарға референдум учаскелері, дауыс беру тәртібі және басқа да мәселелер бойынша кеңес береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сервистер азаматтардың өз учаскелері туралы ақпаратты жылдам әрі ыңғайлы түрде алуына мүмкіндік береді.