in

Синоптиктер болжамы: елімізде +30 градусқа дейін жылынады

Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр күтіледі.  26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болжанып отыр.

Синоптиктердің айтуынша, республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыс өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Алдағы күндері ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Атап айтқанда:
– батыс және солтүстік-батыста күндіз +15…+25 градусқа дейін;
– солтүстік және шығыста +10…+17 градусқа дейін;
– орталықта +13…+24 градусқа дейін;
– оңтүстікте +21…+30 градусқа дейін;
– оңтүстік-шығыста +18…+27 градусқа дейін;
– таулы аймақтарда +10…+15 градусқа дейін жылы болады.

Мамандар ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолда абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.