in

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Өңірде дауыс беру күні азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше референдум учаскесінде арнайы сервис ұйымдастырылады. Бұл қызмет арқылы тіркеуі жоқ тұрғындар уақытша тіркеуден өтіп, дауыс беру мүмкіндігіне ие болады.

Мини-ХҚКО орналасқан мекенжайлар

Қонаев қаласы

Референдум учаскесі №947

Орналасқан жері: Орта мектеп-гимназия

Мекенжайы: Қонаев қаласы, 4-шағынаудан, №64/2

Еңбекшіқазақ ауданы

Референдум учаскесі №123

Орналасқан жері: Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі

Мекенжайы: Есік қаласы, Абай көшесі, 318А

Іле ауданы

Референдум учаскесі №358

Орналасқан жері: №24 лицей

Мекенжайы: Өтеген батыр ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 38Г

Қарасай ауданы

Референдум учаскесі №424

Орналасқан жері: Қарасай аудандық кітапханасы

Мекенжайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 211А

Талғар ауданы

Референдум учаскесі №832

Орналасқан жері: Талғар ауданының Мансап орталығы

Мекенжайы: Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 97/1

Жергілікті органдардың мәліметінше, бұл сервистердің негізгі мақсаты – азаматтардың референдумға қатысу құқығын қамтамасыз ету және дауыс беру процесін барынша қолжетімді ету.