in

Балабақшаларда педагогтердің еңбекақысы өсті

Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев баяндағандай, 2024 жылы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысын арттыруға 93,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл шара тәрбиешілердің мәртебесін көтеруге және мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

1,7 млн-нан астам оқушыға тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2024 жылы мектептерде 1,7 млн-нан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылғанын хабарлады. Бұл шара мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ былтыр елімізде 89 мыңнан астам орындық 789 балабақша ашылды.