in

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Аталған тыңдау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес ұйымдастырылады.

Көпшілік тыңдауда Алматы облысы бас жоспар ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттің 49 пайыздық үлесін жекешелендіру мәселесі қаралады.

Іс-шара барысында сарапшылар мен қоғам өкілдері ұсынылған бастама бойынша пікір алмасып, талқылау жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Көпшілік тыңдау 2026 жылғы 7 сәуірде сағат 10:00-де Қонаев қаласында өтеді. Жиынның өтетін орны – Қонаев көшесі, 5Б мекенжайындағы Alatau Hub ғимаратының 2-қабаты.

Ұйымдастырушылар барлық ниет білдіруші азаматтарды ашық пікір алмасуға және талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

Қосымша ақпаратты 8 (72772) 20346 телефоны арқылы немесе info@almoblmaslihat.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.