in

Алты баласы бар отбасы Көкше тауында адасып кеткен

Ақмола облысы Бурабай ауданында 7 адамнан, оның ішінде 6 баладан тұратын отбасы теңіз деңгейінен 920 метр биіктікте орналасқан Көкше тауының шыңына көтеріліп, түсу кезінде адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Түсу кезінде қиындықтар туындаған. Тік еңіс жерлер мен шаршаудан оларға қайтуға мүмкін болмаған.

Көмек туралы хабар алған ТЖМ қызметкерлері тез арада оқиға орнына шықты. Құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің арқасында барлық адам биіктіктен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ,-деп атап өтті министрліктен.