in

Астанада сайлау күні қанша сәби дүниеге келді

Астанада 23 тамыз – Құрылтай депутаттарын сайлау күні 25 сәби дүниеге келді. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.

Ел тұрғындары сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап жатқанда, елордадағы 25 отбасы жаңа туған сәбилерін қарсы алды.

Қаланың босандыру ұйымдарындағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Елордада ана мен бала денсаулығын қорғау, жүктілік және босану кезеңіндегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмыстары жалғасуда.

«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты

Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?

«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді

Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды

«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс