Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде жедел медициналық жәрдем пункті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік нысан облыс әкімінің бастамасымен және Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ашылған. Басты мақсат – жергілікті тұрғындар үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру болып отыр.
Алыс аймақ тұрғындары үшін мұның маңызы зор. Енді жедел жәрдем бригадасы шақыртуларға жылдам жетіп, науқастардың өмірін аман алып қалу мүмкіндігі артады, – дейді жергілікті тұрғындар.
Айта кетейік, Ақмола облысында бүгінде 69 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейтін 20-ға жуық станция бар.