Полицейлер жедел жұмыс барысында Аққулы ауданының 46 жастағы тұрғынын ұста. Ол өз үйінде жабайы қарасораны заңсыз өсіруді ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адамның тұрғылықты жерін тінту кезінде бөлмеден өсіру белгілері бар қарасора бұталары табылды.Ауыл тұрғыны қарасора өсіргенін, ал алынған егіннен жеке пайдалануға арналған есірткі жасағанын түсіндірді.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, заңсыз айналымнан алынған каннабис тектес өсімдіктердің жалпы салмағы 3 килограмнан асты. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген Павлодар облысы ПД мәліметінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Организация (@dp_pavlodar)