Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жасы тоқсанға таяған әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесінде орналасқан пәтерде 1938 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Егде жастағы тұрғын ұзақ уақыт бойы еденде жатып қалған, өздігінен қозғала алмай, есікті аша алмаған.
Оның жағдайына алаңдаған күнделікті екпе салуға келетін медицина қызметкері дабыл қағып, тиісті орындарға хабар берген.
Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен 5-қабаттан 4-қабаттағы балконға түсіп, пәтерге кірді. Әйел адамның жағдайы әлсіз болғанымен, медициналық көмек қажет болмады, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылардың жедел және кәсіби әрекетінің нәтижесінде жағымсыз жағдайдың алдын алу мүмкін болды.