Тараз қаласында төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 9 жастағы қыз балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қыздың аяғы пәтер ішінде қабырға мен жылыту құбырының арасына қысылып қалғаны туралы хабарлама жедел қызметке түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен Жедел-құтқару жасағы арнайы гидравликалық құралдың көмегімен қыздың аяғын абайлап босатты. Құтқарушылар барлық іс-әрекетті сақтықпен жүргізіп, қыз балаға ешқандай зиян келтірмей құтқару операциясын сәтті аяқтады.
Мамандардың кәсіби және жедел іс-қимылының арқасында бала ауыр жарақат алған жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ретте ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырып отыр.