in

Құтқарушылар мен әскерилер шекарада кептелісте қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары мен әскери қызметшілері шекара бекетінде кептелісте қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы Ресеймен шекаралас «Жайсан» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде ауыр жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Оқиға орнына дереу Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен №20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жіберілді.

Құтқарушылар тарапынан жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырылды: ыстық тамақ, ауыз су беріліп, медициналық көмек көрсетілуде, санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетілуде. Кептелістің негізгі себебі — шекарадан визасыз өту үшін QR-кодты міндетті түрде пайдалану жөніндегі жаңа тәртіптің енгізілуі.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Жүргізушілерге қажетті көмекті көрсету бойынша барлық шаралар уақтылы қабылданып, ахуалды тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда,-делінген ведомство мәліметінде.