in

Жасөспірім аналар көбейді: мәселе қай өңірлерде ушығып тұр?

Қазақстанда жасөспірім қыздардың ерте жүктілігі мен тұрмысқа шығуы жай ғана статистика емес, қоғамдағы күрделі мәселенің айқын көрінісіне айналып отыр. Соңғы деректерге қарағанда, әсіресе Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында жағдай алаңдатарлық деңгейге жеткен.

Бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін өткен жылы Түркістан облысында болған жағдай анық көрсетті. 15 жастағы қыздың 71 жастағы көршісінен жүкті болып, бала босануы елді дүр сілкіндірді. Бұл – бір ғана оқиға. Ал оның артында ресми тіркелген жүздеген дерек бар. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайлардың бір бөлігі зорлық-зомбылықпен тікелей байланысты.

Антирекорд қай өңірлерде?

Статистикаға сүйенсек, 2025 жылы елімізде 15–19 жас аралығындағы әр 1000 қыздың шамамен 13-і ана атанған. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық айқын:

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіштер:

Яғни дәл осы үш өңір жасөспірімдер арасындағы босану көрсеткіші бойынша антирекорд орнатып отыр.

Ерте неке де өзекті мәселе

Қазақстанда ерте некеге тұру көрсеткіші де алаңдатады. 2024 жылы елде 123,6 мың неке тіркелсе, соның ішінде:
– 616 кәмелетке толмаған қыз тұрмысқа шыққан;
– 18–19 жастағы 16,8 мың бойжеткен некеге отырған.

Ал ер балалар арасында бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен – 64 жасөспірім некеге тұрған. Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған 2 қыз және 18–19 жастағы 80 бойжеткен ажырасып, қайта тұрмыс құрған. Ер адамдар арасында екінші рет некеге тұрғандар саны – 7 адам.

Мәселенің негізгі себептері

Мамандардың пікірінше, жасөспірім қыздардың ерте жүктілігі көбіне олардың өздерінен әлдеқайда үлкен ер адамдармен қарым-қатынасына немесе тікелей қысым мен зорлық-зомбылыққа байланысты. Жалпы, ерте жаста ана атану жиі кездесетін өңірлерде алғашқы некеге тұру жасы да төмен. Бұл қатарда Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары көш бастап тұр.

Әлемдік ахуал

Бұл проблема тек Қазақстанға тән емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 21 миллионнан астам жасөспірім қыз жүкті болады. Мамандар 15–19 жас аралығындағы қыздардың өліміне жиі себеп болатын факторлардың бірі – ерте жүктілік пен босану кезіндегі асқынулар екенін ескертеді.

Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды

Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?

140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?

«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады

Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?