in

Голан жоталарынан оралған әскери қызметшілер марапатталды

Мемлекет басшысы Голан жоталарынан оралған әскери қызметшілерді марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – делінген Ақорда мәліметінде.