Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.
Оқи отырыңыз:
Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.