in

Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келеді

16-17 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын ғана елімізге Болгария президенті келген. Сонымен қатар Al Jazeera телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді.