in

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары кездесті

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ведомство мәліметінше, кездесу Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында өтті. 

Тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттағы қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады. 

Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.