Астанада 27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
Елордада құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Жалпы, Қазақстан өңірлері бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау кестесі мынадай:
Еске сала кетейік, 2025-2026 оқу жылында 1-сыныпқа 370 мың оқушы қабылданса, соның 31 мыңы Астана қаласында тіркелген.
