in

Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды

Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың мәліметінде.

Бұған дейін Тұқымов ҚСЗИ басшысы лауазымынан босатылған еді.