Алматыда демалыс күндері жәрмеңкелерде сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемі 880 тоннаға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдім дерегінше, сатылымның 10%-ға өсуі жаңа өнім ассортиментінің кеңеюімен, көктемнің жылы кезеңінің басталуымен және халық арасында жәрмеңкелердің танымалдылығының артуымен байланысты.
Жәрмеңкелерге апта сайын 45 мыңнан астам адам қатысады. Өнімді Алматы мен Алматы облысынан 300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері ұсынады.
Сатылымда жаңа сойылған мал еті, жұмыртқа, көкөністер, жемістер, ашытылған сүт өнімдері, шұжықтар, бал және басқа да тауарлар бар. Жалпы тауар түрі 1000 атаудан асады.
Жәрмеңке ұйымдастырушысы «Алматы» ӘКК» АҚ болып табылады. Бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар шеңберінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық құннан 15-20% төмен сатылады, – делінген мәліметте.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасы);
Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
Бостандық ауданы – Қазақфильм ы/а. (Әл-Фараби даңғылынан жоғары);
Медеу ауданы – Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі.