Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ішкі істер органдарының ардагері Елемес Шотанов пен еңбек сіңірген футбол жаттықтырушы Анатолий Побирскийді құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімдіктің мәліметінше, кездесуда аймақ басшысы ардагерлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен адалдығы үшін ризашылығын білдірді.
Елемес Шотанов ішкі істер саласында отыз жылға жуық қызмет атқарған. Еңбек жолын ауыл мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін ішкі істер органдарына қызметке жіберілген. Ол Ырғыз, Темір, Шалқар және Әйтеке би аудандарының полиция бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарған. Оның құқыққорғау саласындағы жалпы еңбек өтілі – 29 жыл, соның 18 жылы – басшылық лауазымдарда.
Ел Президенті өз сөзінде дәл осындай Сіздің отбасыңыз секілді полиция әулеттері мемлекеттің тірегі екенін атап өтті. Олар ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып, заңға деген сенімді нығайтады және жастарға үлгі болады деді. Заңға құрмет — болашағымыздың негізі екенін айтты. Сіздің әулетіңіз туралы біз білеміз — Отанға қызмет ету қаннан берілген. Немереңіз де үлкендердің жолын қуып, міндетті түрде генерал болады деп сенемін. Біз сіздермен мақтанамыз, – деді Асхат Шахаров ІІМ ардагеріне.
Облыс әкімі сондай-ақ 86 жасқа толған атақты жаттықтырушы Анатолий Побирскийді де құттықтады. Ол өңірде кәсіби футболдың қалыптасуына зор үлес қосқан. 1991 жылы оның жетекшілігімен «Актюбинец» футбол клубы КСРО-ның екінші лигасында чемпион атанса, 2000 жылы «Ақтөбе-Ленто» командасы Қазақстанның Жоғарғы лигасына қайта оралды. Асхат Шахаров жаттықтырушының Ақтөбе облысындағы футболды дамытуға сіңірген зор еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Сіздер сияқты азаматтарымызбен мақтанамыз. Өмір жолдарыңыз бен еңбектеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі»,
– деп атап өтті облыс әкімі.