Президент азаматтық қорғау мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құжат азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртуға, қызметкерлердің құқықтық мәртебесін арттыруға, өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтуге, сондай-ақ азаматтық қорғанысты дамытуға бағытталған.
Заңға сәйес тұрғын үй төлемдері, ротация кезінде қосымша төлемдер, ТЖ-да үш есе үстемеақылар, санаторий-курорттық емдеу енгізіледі. Шаралар қызмет жағдайларын жақсартуға және мамандарды тартуға бағытталған.