Жыл соңына дейін Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауылдық елдімекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету үшін 655 нысан, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Құрылыстар арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен, жергілікті бюджет пен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Аяқталған 508 нысан (өңірлер бойынша):
● Абай обл. – 62;
● Қарағанды – 41;
● Батыс Қазақстан – 49;
● Түркістан – 49;
● Шығыс Қазақстан – 35;
● Ақмола – 32;
● Жамбыл – 29;
● Павлодар – 28;
● Қызылорда-27;
● Қостанай – 25;
● Солтүстік Қазақстан – 46;
● Алматы – 17;
● Жетісу-17;
● Атырау – 15;
● Ақтөбе – 20;
● Ұлытау-13;
● Маңғыстау – 3.