in

Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынды

Туристерге “Бурабай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Бұл туралы ұлттық парктің желі парақшасында ақпарат таратылды.  

Жұмбақтас жартасы — эстетикалық қана емес, мәдени маңызы бар бірегей табиғи нысан. Жартасқа шығуға қатаң тыйым салынады. Бұл — табиғатты қорғау ережелерін бұзу ғана емес, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Қазақстанның табиғи мұрасына ұқыпты қарап, белгіленген шектеулерді сақтауларыңызды сұраймыз. Ереже бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады,-делінген жазбада.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ҚР ПІБ “Бурабай” Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” ММ (@parkburabay)