in

Алан мен Айлин көш бастады: ең танымал есімдер белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың алғашқы бес айында қазақстандықтардың қандай есімдерді көбірек таңдағанын жариялады, деп хабарлайды  El.kz интернет порталы.

Алан есімі биыл 957 нәрестеге қойылған

Биыл ұл балалар арасында ең танымал есім – Алан болды. Жыл басынан бері бұл есім 957 нәрестеге қойылған. Одан кейін Әлихан (792 бала) мен Мұхаммед (791 бала) келеді.

Ұлдарға жиі қойылған есімдердің алғашқы ондығына сондай-ақ Айсұлтан, Алдияр, Хамза, Омар, Альтаир және Әмір есімдері енді.

Айлин, Асылым, Мәдиналар да көп

Қыз балалар арасында көш басында Айлин есімі тұр. Бұл есім 1744 жаңа туған сәбиге берілген. Екінші орында Асылым (1449 бала), үшінші орында Мәдина (1234 бала).

Ең танымал қыз есімдерінің қатарына Томирис, Айша, Аяла, Мариям, Сафия, Айым және Әдия да кірді.

Ең сирек кездесетін есімдер

Статистика ең сирек қойылған есімдерді де анықтады. Биылғы бес ай ішінде кейбір есімдер тек бір ғана балаға берілген.

Қыз балалар арасындағы ең сирек есімдер қатарында Ирисликой, Жизель, Эйлиша, Яраслава, Бегайым, Ақбат, Анар, Аша, Жаңылсын және Юлдузие бар.

Ал ұл балаларға қойылған сирек есімдер қатарында Қамранбек, Мұхамедин, Юсуфбек, Хасанбой, Бектілес, Райымхан, Рузали, Әл-Әли, Халилла және Яшар кездеседі.

Қазақстанда қанша бала бар?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың басында Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады. Бұл ел халқының 33,6 пайызын құрайды.

Балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық елді мекендерде өмір сүреді. Ұл балалардың үлесі 51,4 пайыз, қыз балалардың үлесі 48,6 пайыз.

Балалар саны ең көп тіркелген өңірлердің алғашқы үштігіне Түркістан облысы (910,4 мың бала), Алматы қаласы (688,9 мың бала) және Алматы облысы (572,3 мың бала) енген.

Соңғы бес жылда Қазақстандағы балалар саны 4,4 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш елдегі демографиялық өсімнің сақталып отырғанын аңғартады.

«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды

Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін

Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын – Абиба Әбужақынова

Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев

Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?