in

Алматыда кітап көрмесі өтеді

25 маусым күні Алматыдағы Панфилов және Қазыбек би көшелерінің қиылысында «BOOK VIBE» көрмесі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қала әкімдігі іс-шара «ПрочиTime» жобасы аясында қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылатынын атап өтті. 

Келушілерге ұсынылады:

– Белгілі авторлар және жазушылармен кездесулер, олар кітапбы жайлы әңгімелейді;
– Жетекші баспалар қазіргі заманғы және классикалық әдебиеттің жаңа басылымдарының тұсауын кеседі;
– Әдебиетті тереңірек тануға көмектесетін «2 сурет — 1 кітап» интерактивті викториналары;
– Оқу мен мәдениетке байланысты тақырыптар бойынша әдеби пікірталастар мен талқылаулар;
– Қоғам белсенділерімен, жастар қозғалыстары мен «Кітап құмарлар» қозғалысының өкілдерімен кездесулер.

Кітап көрмесінің мақсаты — жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке деген сүйіспеншілікті дамыту, кітапты күнделікті өмірдің маңызды бөлігі ретінде көрсету, сондай-ақ білім, пікір және шығармашылық идеялармен алмасуға арналған алаң құру.