in

Атырауда маса улау жұмыстары басталды

Атырау қаласы және шаhарға қарасты елдімекендерде маса улау жұмыстары басталды. Бүгінде көпқабатты 1200-ден астам тұрғын үйдің жертөлелері мен кіреберістері дезинфекциялануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маса улау жұмыстары айдың ортасынан бастап ашық су алаңдары мен саябақ, көшелерде жалғасады. Оған 15-ке жуық техника жұмылдырылды.

Масаға қарсы дезинфекция жұмыстары қаланың екі бөлігінде жүреді. Тұрғындар тарапынан арыз-шағымдарды қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы, сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығынан қабылдаймыз. Процесс барысында есік-терезенің ашылмағаны абзал. Жұмыстың қай үйлерде жүретіні пәтер иелері кооперативіне алдын ала хабарланады, соған сәйкес тұрғындарға да ескертіледі,- деді ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Елтай Айбатов.

Массаға қарсы дезинфекциялық препарат экологияға, адамдарға зиянсыз.

Залалсыздандыру жұмыстарына агран, циперрметрин, анти-инсекта, фаскон препараттарын қолданамыз. Жұмыстар арнайы кестеге сай жасалады,- деді Мердігер мекеме менеджері Мақсат Жанаев.

Қаланың оң жақ жағалауында 8 адам мен 8 техника, ал сол жақ жағалауда 6 адам мен 6 техника жұмыс істеуде.