in

Қазақстан дзюдошылары Абу Даби турнирін екі медальмен аяқтады

Дзюдодан Абу Дабиде аяқталған Гранд Слэм турнирінде Қазақстан құрамасының балуандары екі қола медаль иеленді. Аталған жүлдеге Талғат Орынбасар мен Марат Байқамұров қол жеткізді, деп жазады Еl.kz интернет порталы. 

60 келіде белдескен Талғат Орынбасар шешуші сында Елдос Сметовтен басым түсті. Осылайша ол маңызды бәсекеде үштікті түйіндеді. Талғат іріктеу бәсекесінде Ресей және Ұлыбритания балуандарын жеңгенімен, жартылай финалда тәжікстандық Лаик Кудбудиновке есе жіберді. 

-100 келіде белдескен Марат Байқамұров турнирде ширек финалға дейін жетті. Түркістан облысының балуаны Франция және Кипр балуандарынан басым түсті. Алайда жартылай финалға шығар жолда ресейлік Идар Бифовтан айласын асыра алмады. Дегенмен, жұбаныш белдесуінде ол АҚШ спортшысын қапы қалдырып, қола жүлде жолында тағы бір Ресей балуаны Адам Сангариевті жеңді. 

Абу Даби Гранд Слэміне ерлер құрамасы толық құрамда қатысқан жоқ. Мәселен, +100 келіде отандық татами шеберлерінен ешкім сынға түспеді. Бұдан бөлек, 81 келіде Жалғас Қайролла қола жүлде үшін белдесіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады. 

Айта кететін жайт, Абу Дабу Гранд Слэмі қазан айының басында Бакуде өткен әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жарыс болып отыр. Енді дзюдо құрамасы қараша айының ортасында Загреб Гран-приінде сынға түседі. 

«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары

Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс

Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді

Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек

2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды