Біріккен Күрес Әлемі (UWW) күрес түрлерінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін халықаралық рейтингтік турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Халықаралық турнир 4-7 маусым аралығында өтеді. 32 балуан ел намысын қорғайды.
Грек-рим күресі
63 келіге дейін: Досжан Өтепқалиев, Еркебұлан Ардақов
97 келіге дейін: Нұрасыл Аманалы
130 келіге дейін: Әлішер Ерғали, Олжас Сырлыбай
Еркін күрес
57 келіге дейін: Абзал Өкенов, Мейрамбек Қартбай, Мерей Базарбаев
61 келіге дейін: Асыл Айтақын, Қалмұхан Тұрмаханбет
65 келіге дейін: Айбек Айтбеков, Ибрагим Магомадов, Өсімжан Дастанбек
70 келіге дейін: Родион Анчугин, Санжар Досжанов, Ерлан Шәкішов
74 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
79 келіге дейін: Мансұр Қуанған, Шамиль Ожаев
86 келіге дейін: Болат Сақаев
92 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Азамат Дәулетбеков
97 келіге дейін: Нұрдәулет Бекенов
125 келіге дейін: Едіге Қасымбек
Әйелдер күресі
50 келіге дейін: Зейнеп Баянова
53 келіге дейін: Марал Тәңірбергенова
55 келіге дейін: Лаура Алмағанбетова
57 келіге дейін: Нилуфар Раимова
68 келіге дейін: Ирина Казюлина, Жәмила Бақбергенова
76 келіге дейін: Эльмира Сыздықова, Гүлмарал Еркебаева
Қандай өзгеріс бар?
Әлішер Ерғали толығымен грек-рим күресіне ауысты. Осы бәсеке Әлішер үшін халықаралық аренадағы алғашқы ресми турнир болмақ. Ол 130 келіге дейінгі салмақта бозкілемге шығады. Сондай-ақ әйелдер күресіндегі көшбасшы балуан Жәмилә Бақбергенова олимпиадалық салмаққа түбегейлі ауысқанын мәлімдеді. Ол бұрын 72 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатынан төрт бірдей жүлде алған. Кейіннен 76 келіде күрескенімен, Париж Олимпиадасына жүлде ала алмады.
Қазір 68 келіде қалуды жоспарлап отырмын. Бапкерім Нұрсұлтан Теміров те менің бойыма, дене бітіміме дәл осы салмақ қолайлы деп есептейді. Бұл салмақта соңғы рет 2021 жылы күрескенмін. Одан кейін сыңарым Мадина Бақбергенова осы салмақта көш бастап, Азия чемпионы атанды. Сол себепті мен бұл салмаққа қайта оралмаған едім. Биылдан бастап олимпиадалық салмақта күресуді жөн көрдім. Олимпиадаға да аз уақыт қалды. Сондықтан салмақ ауыстырып, алдыңғы циклдегі қателіктерді қайталамауға тырысамын, – деді Жәмилә ҰОК сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізде болса, Қазақстан кубогында 50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова мен Марал Тәңірбергенова күресті. Белдесу кезінде Баянова Тәңірбергенованың шашына жармасқаны үшін ескерту беріліп, нәтижесінде күміс медаль еншіледі. Бірақ балуан екінші орын алғанына наразылық білдіріп, марапаттау рәсіміне шықпады. Кейіннен федерация Зейнеп Баяноваға қатаң ескерту берді. Ал Моңғолияда өтетін байрақты бәсекеде Зейнеп 50 келіде бақ сынаса, Тәңірбергенова 53 келіге дейінгі салмақта сынға түседі.
