in

Модрич әлем чемпионатынан кейін мансабын аяқтай ма?

Жақында футболдан Әлем чемпионаты басталады. Биыл бірнеше «егде» тартқан ойыншылар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Криштиану Роналду, Лионель Месси, Лука Модрич бар. Инсайдерлер аталғандардың бірі біріншіліктен соң мансабын аяқтайтынын айтады. 

Футбол инсайдері Никола Скира «Милан» клубы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич мансабын аяқтауы мүмкін екенін хабарлады. Жазда ол Хорватия құрамасымен бірге әлем чемпионатына қатысады. Осы бәсекеден соң мансабына нүкте қоюға бел байлаған сыңайлы.  

Футболшының екіұшты ойына «Милан» клубы да алаңдап отыр. Жақында Tuttosport басылымы 40 жастағы футболшының клубпен келісімшартын ұзартпағанын жазған. Модрич 2025 жылы «Реал Мадрид» клубынан «Миланға»  еркін агент ретінде ауысты. 

Хорватия құрамасы қай топта?

Әлем чемпионатында Хорватия құрамасы L тобында өнер көрсетеді. Осы топта Англия, Гана және Панама құрамасы бар. Хорватия құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алған. Финалда олар Франция құрамасынан 4:2 есебімен ұтылды. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Luka Modric (@lukamodric10)

Модричтің жетістіктері

Ресейдегі ертегіге бергісіз турнирден соң, Модрич «Алтын доп» иегері атанды. Месси мен Роналдудың трофей текетіресінде аузына «дәм» бұйырған спортшы кім десеңіз, осы –  Модрич. Сондай-ақ «Реал Мадрид» сапында  алты рет Чемпиондар лигасын, төрт рет Испания чемпионатын, екі рет Испания Кубогын, Испания Суперкубогын, УЕФА Суперкубогын және бес рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.

«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды

Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін

Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын – Абиба Әбужақынова

Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев

Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?