in

Астанада кең ауқымды велошеру өтеді

21 маусым күні Астанада кең ауқымды велошеру өтеді. Қала әкімдігі бұл ерекше шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылыпотырғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Велошерудің жалпы бағыты – 25 шақырым. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастау алып, Үркер (Ильинка) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Тіркеу велошеру күні – 21 маусымда таңғы 07:30 бен 09:00 аралығында жүргізіледі. Шараның басталуы – сағат 09:00-де. Қатысу – тегін. Әрбір қатысушы өз велосипедімен келуі қажет.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева бұл шараның жарыс емес екенін, бастысы – азаматтардың белсенділігі мен табиғатқа деген қамқорлығы екенін атап өтті.

Шара соңында тіркеуден өткен қатысушылар арасында лотерея өткізіп, бағалы сыйлықтар ойнатылады.