in

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Еліміздің нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина чехиялық теннисші Катерина Синяковадан  6:4, 7:6(5) есебімен басым түсті. 

Отандық спортшы ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.