in

Жас құтқарушылар халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінді

Қазақстан ТЖМ командасы «Жас құтқарушы» халықаралық балалар-жасөспірімдер жарыстарында жалпы командалық екінші орынға ие болып, дайындық пен бірліктің жоғары деңгейін көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Министрлік мәліметінше, дүбірлі дода 23-30 маусым аралығында Әзербайжанның Габала қаласында өтті. Жарысқа Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қазақстанның командалары қатысты.Қазақстанды Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледждің жас құтқарушылары-студенттері таныстырды.

Қатысушылар үш кезеңде сайысты: өрт эстафетасы, кедергілері бар қашықтық, зардап шеккендерді іздеу және құтқару. Әр кезеңде қазақстандық команда құтқару дағдыларын сенімді меңгергендігін, дене шынықтыру дайындығын және командада үйлесімді жұмысын көрсетті. Барлық кезеңде отандық команда тек жарыс иелері Әзербайжан құрамасына есе жіберіп, жақсы нәтиже көрсетіп, бәсекелестердің алдына шықты.

Спорттық және техникалық құрамдас бөліктерден басқа, жарыс достық пен халықаралық ынтымақтастық алаңына айналды. Қазақстан командасының ойыны жастарды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға кәсіби даярлаудың жарқын үлгісі болды.