in

Отандық боксшылар Армениядағы турнирге қатысады

14-19 сәуір аралығында Арменияда бокстан Ереван мэрінің кубогы турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – Еуропа бокс конфедерациясының (EUBC) ресми күнтізбесіне енген беделді аламан.

Sportaran.com мәліметінше, жарысқа 10 елдің былғары қолғап шеберлері қатысады: Армения, Кипр, Израиль, Ресей, Қазақстан, Грузия, Иран, Ирак, Палестина және Молдова.

Турнирдің жеребе тарту рәсімі 14 сәуірде өтеді.

Тартыс кездесулер өтеді деп күтілуде. Турнирдің өзі ірі халықаралық жарыстарға жақсы дайындық болады, – делінген Sportaran.com сайтында.