in

Отандық клубтардың еурокубоктардағы қарсыластары анықталды

«Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының жаңа еурокубок маусымындағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«Қайрат» Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді және алғашқы іріктеу кезеңінде словениялық «Олимпиямен» кездеседі. Матчтар 8/9 шілде және 15/16 шілде күндері өтеді.

«Ақтөбе» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде польшалық «Легиямен» ойнайды. Бұл ойындар 10 және 17 шілде күндері өтеді.

«Ордабасы» Конференциялар лигасында бақ сынайды: алғашқы кезеңде қарсыласы — грузиялық «Торпедо». Матчтар 10 және 17 шілде күндері болады.

Сонымен қатар, 2025/26 маусымда еурокубоктарда «Астана» да бақ сынайды. Елордалық ұжым Конференциялар лигасында өнер көрсетеді және екінші іріктеу кезеңінен бастайды.