in

Тоқаев Өзбекстанның әлем чемпионатына жолдама алуын тарихи жетістік деп атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатына жолдама алуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысуға келген әріптесін құттықтауын жеткізіп, мұны тарихи оқиға деп атады. 

Сіздерді спорт саласындағы тарихи жеңіспен – ұлттық құраманың футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына өткенімен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл – өзбек футболы үшін үлкен жетістік. Сіздер үшін қуаныштымыз және әлем чемпионатында жанкүйер боламыз, – деді президент.

Өзбекстан өз тарихында әлем чемпионатына алғаш рет жолдама алып отыр.